Әкемді мақтан етемін

Маған оқу керек. Қазақ патриотизмі қазақ тарихын және мәдениетінің ерекше мәдениет екенін мақтан ету негізінде, сонымен қатар болашақта қазақ ұлтының дәуірлейтініне, Қазақстанның гүлденетініне сенім негізінде қалыптасуы керек. Қазақ патриотизмінің бөлінбейтін бөлшегінің бірі – елдің рухани және материалдық дамуына Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің орасан үлес қосқанын мақтан ету және бұл үшін оларға алғыс сезімімен қарау. Олардың ортақ үйімізде жақсы да жайлы тұруы Қазақстанның гүлденуінің шарты болмақ. Мен – Қазақстанда турамын. Өз халқымды мақтан етемін. Маған оның көп қатпарлы тарихы қымбат, ал оның бүгінгі күні одан да қымбат. Осы бүгінгі күн үшін ол басқа халықтармен бірге революция және Совет өкіметін орнату жылдарынан абыроймен өтті, халқының жартысына жуығын жұтқан қасіретті ашаршылықты басынан өткерді, Совет өкіметі өсіріп-жеткізген жас зиялыларынан айырған 37 және 38-жылдардың трагедиясын бастан кешті. Бірақ бір рет және біржолата таңдаған жолынан оны ештеңе тайдыра алмады. Соғыс жылдарында қазақтар Отанымыздың адал әрі қаһарман қорғаушыларының бірі болды. Осы ер, кеңқолтық, жомарт, өршіл әрі кәдімгі аңқау, ұлттық шектеушілік мүлде жат халық өзінің кеңдігін тың игеру кезінде де көрсетті. Тыңға неше түрлі адамның келгені ешкімге құпия емес, оның ішінде бұрынғы қылмыскерлер де, ақша қуған алаяқтар да болды. Осындай адамдардың байырғы халықтың ұлттық намысына тиетін әрекеттер жасағаны аз емес. Бірақ қазақтардың партия шақырып отырған істің ұлылығын түсінуіне ұстамдылығы жетті.
Қазір басқаша жағдай орнады. Республикада ұлттық арасалмақ өзгерді. Мұның өзі тыңдағы көп жерде қазақ мектебінің саны күрт кеміп кетуіне әкеп соқты, ал қалалардағы істің жайын айтпаса да болады. Тіпті Алматыдағы қазақ мектептерінің саны, егер қателеспесем, екеу не үшеу. Ал балалар бақшасының мәселесі бұдан да өткір. Және де ана тілін меңгеру дәл осы балалар бақшасынан басталатыны бізге белгілі. Кейбір қазақ ауылдары, тіпті кей жердегі аудан орталықтарының әлеуметтік жағдайлары тең емес. Тыңда – әдемі жаңа үйлер, ал бұларда – тоқал тамдар, оларда –асфальт жолдар, ал бұларда – бабаларынан қалған баяғы керуен жолы.

Powered by Drupal - Design by artinet