Қ.И Сәтбаев

Қ.И Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті-республикадағы инженерлік білімнің көшбасшысы. Қ.И Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ -дың негізі 1934 жылы Қазақстан өнеркәсібі жаңадан ояна бастағанда қаланды, сөйтіп онымен бірге елдің экономикасы дамуының тарихи кезеңдерін бастан кешірді. Металлургия және геологиялық барлау факультеттері негізінде іргесі қаланған Қазақ ұлттық техникалық университеті (Қазақ тау-кен-металлургиялық институты- Қазақ политехникалық институты) елдің жетекші техникалық жоғары оқу орындары деңгейіне дейін өсті. ҚазҰТУ- барлық техникалық жоғары оқу орындарының мыңдаған инженерлері мен оқытушыларының бас анасы (альма-матер) саналады.

Ұлттық техникалық университеттің дәрежесін елдің қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан атақты бітірушілер: ғалымдар, педагогтар, инженерлер лайықты көтеріп отыр. ҚазҰТУ КСРО академигі, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімін мақтанышпен дәріптеп келеді.

Қазір елімізде оң өзгерістер және отандық өнеркәсіптің өсуі қалыптасып отырған шақта жоғары білікті инженер мамандарына деген сұраныс арта түсуде.

Жетекші өнеркәсіп орындарымен, әлемнің ірі оқу және ғылыми ұйымдарымен тығыз әрі ұзақ бірлесе жұмыс істеу ҚазҰТУ-ға өз базасын құрып, экономиканың жетекші салаларына мамандар даярлауда алда жүруге мүмкіндік берді. Болашақта Қ.И Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ алдына жаңа әрі басалқалы мақсат пен міндет қойып отыр. Біз дамудың жаңа кезеңіне көтерілдік, ол- әлемдік кеңістікте өз орны бар үздік инженерлік-техникалық оқу орнын қалыптастыру.

Университетті дамытудың жаңа бағдарламасы- ол жаңаша ойлау және білім беру ісіне жаңаша қадам жасау. Мазмұны мен мерзімі бойынша әрқилы оқу бағдарламасы әр талапкерге өз жолын таңдап, кәсіпті кезең бойынша игеруге және жалпы кәсіптік білімін жетілдіруге мүмкіндік береді. Біз білім мен ғылымды жақындастыру жолындамыз, өйткені тек осылай ғана технологиялық қуатқа және елдің бақуаттылығына қол жеткіземіз.

ҚазҰТУ ғылыми-техникалық, өндірістік және делдалдық жұмысты ғылыми мекемелермен, фирмалармен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесе жүргізуге сондай-ақ халықаралық бағдарлама мен жобалар шеңберінде бәсекелестікке жол ашуға мүдделі

2003 жылдың 9 желтоқсанында Қ. И Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ғылыми кеңесі Мебиус лентасының көлбеу айқастырылған түрдегі ерекше белгісін төлтаңба ретінде бекітті.

Бұл таңба көне заманнан белгілі. Скифтер мен сақтар жануарларды аяғын жоғары қаратып,бір бүйірлі жапырақ іспетті бейнелеген. Бұл белгі Қытайға жетіп геометриялық парақ түрінде абстрактылы формаға көшті. Одан соң арабтарға жетіп, олар Еуропаға апарды. Оның математикалық бейнесін неміс ғалымы Мебиус өрнектеді.

Логотип негізі- ортасынан жара жүргізілген сызығы бар "Мебиус лентасының" бүгінгі мәнісін белгілі сәулетші, политех түлегі Сәкен Нарынов ұсынған.

Лентаның бір жақ сары түсі Азияны, екінші көк-жасыл түсі Еуропаны бейнелейді. Ғалым инженерлер даярлайтын университеттің барлық мамандықтары үшін негізгі оқылатын пән сызба геометриясы және теориялық механика болып табылады, ол негізгі геометриялық кескін Мебиус лентасынан байқалады.

Осылайша Қ.И Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің фирмалық белгісі әлем жаратылысы мен танымның шексіздігін, Еуразия кеңістігінің тұтастығын, инженерлік білімді және техникалық ғылымды бейнелейді.

Ой сала қарағанда ол адам алақанындағы білім бастауын (шам) бейнелейді.

10 институтты біріктірген айтулы оқу және ғылым орталығы. Олар: Мұнай және газ институты, О.А: Байқоңыров атындағы тау-кен иституты, Металлургия және баспа институты, Геологиялық барлау институты, Машина жасау институты, Ақпараттық технология институты, Автоматтандыру және басқару институты, Экология-экономикалық институты, әл-Машани атындағы жаратылыстану-гуманитарлық институты, Әскери істер институты. Университет құрамына Инженер кадрлерін және оқытушыларды техникалық пәндер бойынша жоғары оқу орындарына қайта даярлау және кәсібін жоғарылатудың республикалық орталығы, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-өндірістік орталықтар мен бөлімшелері кіреді.

Профессорлық-оқытушылар құрамында 11600 адам бар, олардың 200-і ғылым докторы мен профессор; 500-і ғылым кандидаты мен доцент, ПОҚ ішінде ҚР ҰҒА және ҰИА -ның 11 академигі, халықаралық және шетел академияларының 98 мүшесі бар.

Университетте магистратура, аспирантура және докторантура, докторлық, кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі кеңестер, халықаралық конференциялар, симпозиумдар, семинарлар жұмыс істейді. Шетел жоомен және компанияларымен тығыз халықаралық байланыс орнатылған.

Оқу және ресурсты сыныптар мен зертханалар Қазақстанда жұмыс істейтін жетекші фирмалардың компьютерлік техникасымен және жабдықтарымен жұмыс істейді.

Бүгінгі таңға лайық оқу, Интернет залы, іздейтін анықтама жүйесі бар және әлемдік Internet жүйесіне қосылған республикадағы ірі кітапхана жұмыс істейді.

Ақпараттық-компьютерлік орталық, Интернетке шығатын жүйе, мәліметтердің ақпараттық қоры және оқу жоспарларымен бірге барлық оқу құжаттарын компьютермен дайындау мүмкіндігі жасалған.

Университеттің менеджмент сапасы жүйесі тиісті халықаралық ИСО 9001:2000 стандарты бойынша тексеріліп, қабылданған.

Баспа орталығы оқулықтар, оқу құралдарын, ғылыми еңбектер, "ҚазҰТУ хабаршысы-Вестник КазНТУ" ғылыми жорналын, "Рас" газетін т.б шығарады.

Спорт залы, ойын алаңдары бар, студенттер мен қызметкерлердің спартакиадасы өтеді, оқытушылар мен студенттер арасында әйгілі спортшылар бар.

"ҚазҰТУ көктемі" фестивалі, конкурстар, КВН тұрақты өтеді.

Қ.И Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-білікті инженер және ғылым кадрлерді даярлауда, 80 мыңнан астам инженер, ғылым докторы мен кандидаттарын даярлап, ғылым, білім, мемлекеттік қызмет пен өндірісте табысты жұмыс істеуді қамтамасыз етіп, алдыңғы қатарда келе жатқан білім және ғылым орталығы.

Уақыт талабына сәйкес жаңа оқу жоспарлары бойынша білім беру қызметі жетілдірілді. Инженер кадрлерін даярлау бойынша мамандықтар саны артты, қолданылыатын оқу технологиясы аясы кеңейтілді Бұл республикада қалыптасқан рыноктық қатынастардан туындаған жоо орындары арасындағы және білім саласындағы бәсекелестік жағдайында өте қажет. Мамандар даярлауда әлемде жүзеге асып жатқан үш сатылы құрылымға- бакалавариат-магистратура-PhD -ауысу жүзеге асырылды. Білімді бақылаудың тестілік рейтинг жүйесі жасалып, табысты қолданылуда, студенттер білімін тікелей компьютерден бақылаудың және оларды толық оқыту процесіне енгізу үшін тестілік тапсырмалар банкі құрылды.

ҚазҰТУ қызметі халықаралық менеджмент сапасы ИСО 9001 стандартына сәйкес. Пәндерді оқыту сапасына тұрақты бақылау жасалады.

Университеттің кезек күттірмейтін міндеті кафедраларды, оқу және ғылыми зертханаларды осы күнгі жабыдқтармен жарақтандыру, компьютерлік техниканы және оқудың жаңа технологиясын енгізу, білімді ақпараттандыру арқылы халықаралық коммуникация жүйесіне шығару болып табылады. Әлеуметтік инфрақұрылымды, студенттердің тұрмысы мен демалысын жақсартуға көңіл бөлінеді.

Студенттер мен оқытушыларды әлеуметтік қорғауға да тиісінше көңіл бөлінеді. 2005 жылы кәсіподақ жолдамасымен санаторийлер мен демалыс үйлерінде 219 қызметші демалып қайтты. Балалар үйінде қызметшілердің 29 баласы демалды. Жолдамалардың бәрі 50 пайыз жеңілдікпен берілді.

Туберкулез диспансерінде есепте тұратын 63 студентті тамақтандыру ұйымдастырылды. Қамқорлық жасалатын 52 жетімнің әрқайсысына 18 мың теңгеге киім, аяқ киім және басқа заттар сатып алынды.Балалар үйінің 7 түлегіне тамаққа күніне 295 тенге бөлінеді.Олардың әрқайсысына ай сайын 700 теңгеге жол жүру билеті беріледі, 25,4 мың теңгеге киім-кешек сатып алынды. 22 студентке бір реттік ақшалай көмек, 148 студентке материалдық көмек көрсетілді. Өте қажетсінетін 250 студентке ректорат шешімімен пәтерде тұруы үшін ай сайын 2 мың теңге бөліп тұрады.

Жатақханаларға ең алдымен студент-жетімдер (73 адам ), көп балалы отбасылардың балалары, ата-анасы және асыраушысы жоқтар (182 адам), сондай-ақ оралмандар (182 адам), барлығы-438 адам бірінші кезекте орналастырылды.

Студенттердің құрылыс және "Жасыл ел" отрядтары өз жұмысын бастады.

Белгіленген міндеттерді жүзеге асыру ҚазҰТУ-дағы кадрлер даярлау жүйесін соңғы кезде белсенді қалыптастырылып жатқан елдің инновациялық жүйесіне ырғақты қосуға мүмкіндік береді.

Powered by Drupal - Design by artinet