Бүгінгі күні ең маңызды сұрақтар шағын бизнес

Бүгінгі күні ең маңызды сұрақтар шағын бизнес пен кәсіпкерлікті мемлекеттік және қалалық деңгейде дамыту болып табылады. Бұл сұрақтың өзектілігі жас ұрпақ өкілдері үшін өте маңызды. Олар дәстүрлі потенциалдық резерв және Қазақстандық кәсіпкерлікті дамыту базасы ретінде қарастырылады. Сондықтан да жастардың кәсіпкерлік және бизнес саласында белсенділігін көтеру тақырыбы мемлекетпен оның құрылымының әрқашан назарында жүр.

Жыл сайын (2003 жылдан бастап) жас кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында қала студенттерінің шығармашылық қабілеттерін айқындау мақсатында қалалық «Алматының жас бизнесі» атты ең үздік бизнес жобалар фестивалі өткізіледі.

Қазақстанның бизнес бірлестіктерінің өкілдері кәсіпкерлік қызметті реттейтін кейбір нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, кеше ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов кәсіпкерлік қоғамдастықтардың өкілдерімен жиналыс өткізген.

"Кәсіпкерлер шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың қажетті шаралары бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Кәсіпкерлердің бастамалары шағын және орта кәсіпкерлікке көрсетілетін мемлекеттің тікелей қаржылық көмегі, аталмыш қаражатты пайдалану механизмі, сондай-ақ, дамудың басымдыққа ие бағыттары салаларына қатысты болды", - деді баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, "Атамекен" одағы қаржылық көмектің жанама шараларын қолдануды ұсынып отыр.

"Атамекен" үкіметтің монополистердің қызметіне тарифтердің өсуін тежеудегі іс-әрекетін толығымен қолдайды. Премьер-министрдің мұндай оқиғаларға жолбермеу туралы талаптары кәсіпкерлер арасында қолдауға ие болды", - деді "Атамекен" төрағасы Азат Перуашев.

Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған факторларды жою шаралары да қарастырылды.

Қорытындылай келе К. Мәсімов кездесушілерге алғыс айтып, ұсыныстардың көбісі жұмысқа енгізілетінін атап өтті.

АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAІD) қазақстандық бизнесмендер қауымдастығына шағын және орта бизнес үшін бизнес-қызметтерін көрсету секілді бағытты дамытуға көмектесуге бел шеше кіріскен сыңайлы. Халықаралық агенттік осы уақытқа дейін Қазақстанда 1992 жылдан бастап 500 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны құрайтын бір топ бағдарламаны жүзеге асырды. Оның бәрі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналды. Ал бұл жолғы өткізгелі отырған шараларының бағыты өзгешелеу.

«Қазақстанның бизнес-қызметтерді жеткізушілері және ең үздік халықаралық тәжірибелер» атты семинарда Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту жөніндегі жобаның (USAІD жобаларының бірі) директоры Патрик Пернер қазақ шағын бизнесінде әлі де әртараптандырудың кемшін соғып жатқандығын айтты. Оның пікіріне құлақ түрсек, шағын және орта бизнесті дамыту керек деген сөзді жиі қайталаудың қазіргі кезде мәні жоқ. Өйткені елге жұмыс орындары бизнестің осы түрі дамығанда ғана тиетінін жұрттың бәрі біледі. Сондықтан да осы бизнеске қалай көмектесу үшін қандай маңызды да, нақты мәселелерге көңіл бөлу керектігін айқындап алған жөн. Америкалықтар нақтылаған маңызды мәселе – шағын және орта бизнесті тұрақты түрде бизнес-қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету болып табылады. Бизнестік қызмет көрсетулердің не нәрсе екендігін және оның қалай жұмыс істеуі тиістігі екендігін әңгімелеу үшін Алматыға Шығыс Еуропа елдерінен бірқатар сарапшылар шақырылыпты. Олардың жасаған баяндамаларында шағын және орта бизнеске бизнестік қызмет көрсетулер дегеніміз – клиенттер іздестіру, тауарлардың дизайны, өнімділікті арттыру, негізгі шығындарды азайту, тиімді админстрациялау, заңдық талаптарды орындау, коммуникациялар, жаңа технологияларды іздестіру екендігі атап-атап көрсетілді. Ал осы қызметтерді дамыту үшін сұранысқа қарай бағытталу, ұзақ мерзімді кезеңге тұрақтылық, рынокқа стратегиялық фокус жасау, үкіметтік немесе донорлық қолдауларды тиімді пайдалану, тұрақты және тиімді менеджмент қажет дейді.

Powered by Drupal - Design by artinet