Касепкерлек

Алматы қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті Әділет департаментінде 2005 жылы 17 ақпанда тіркелген.

Департаменттің мекен-жайы: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, тел. 716690.
Департамент құрылымдық бөлімдері:
заң және кадр жұмыстары бөлімі;
сауда бөлімі;
қызмет көрсету саласын дамыту бөлімі;
өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізу бөлімі;
өнеркәсіптік-жаңартпашылық даму бөлімі;
аудандық өнеркәсіп бөлімдері (6 бөлім);
сыртқы экономикалық және мәдени байланыстар бөлімі;
шағын бизнес бөлімі;
туризм бөлімі

Департаменттің штаттық саны: 52 адам.
Департамент өз қызметінде:
өнеркәсіп, кәсіпкерлік, сыртқы экономикалық қызмет және туризм салаларында мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламалардың орындалуын жүзеге асырады және үйлестіреді;
Халықаралық өнеркәсіп және сауда ұйымдарының қызметіне байланысты мәселелер бойынша алматы қаласының қатысуымен мемлекеттік аумақтық саясатты қалыптастырады және оны жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді;
шет елдермен сауда ынтымақтастығы бойынша ұсыныстар әзірлейді;
өнеркәсіптік және сауда кәсіпорындары мен ұйымдарының шаруашылық қызметіне, жаңа технологияларды қолдану арқылы инвестицияларды тартуына және инвестициялық жобаларды іске асыруына жәрдем көрсетеді;
Бәсекелестікке сай халық тұтынатын тауарлар мен нарықты толықтыру мақсатында кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында маркетинг зерттеулер жүргізумен айналысады.

Алматы қаласының өнеркәсібі

2005 жылдың 1 қаңтарына қала аумағында 1668 өнеркәсіп кәсіпорындары, олардың ішінде өндірістің жалпы көлемінің 77,7% үлесін құрайтын 168 – ірі және орта (жұмыскерлердің саны 50-ден астам адам) кәсіпорындары тіркелген. Жалпы алғанда қала бойынша ірі және орта кәсіпорындары 2004 жылдың 12 айында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнім шығарылымын 10,2% көбейтті.

2004 жылы қалада қолданыстағы бағамен өндіріс өнімі 169 563,2 млн. теңгеге өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңіне 113,4%, ал өнеркәсіптің қаржылық емес секторында тиістілігі бойынша 168 274,7 млн. теңге және 113,4% құрады.

Жалпы қала бойынша өндірілетін өнеркәсіп өнімінің өсімін қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары қамтамасыз етіп отыр. Осы салада есептік кезеңде өндірілген өнімнің көлемі 156 311,8 млн. теңгеге жетті, бұл қызмет түрі бойынша табиғи көлем индексі 116,6%, ал өндірілген өнімнің үлес салмағы жалпы көлемнен 92,2% құрады. Тау-кен өндірісінің үлесіне өндірілетін жалпы көлемнен 0,1%, электроқуат, газ бен суды өндіру және бөлудің үлесі жалпы қалалық көлемнен – 7,7 % құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде ең қомақты үлес салмағын құрайтын салалар: азық-түлік өнеркәсібі – 38,0%, машина жасау өнеркәсібі – 15,4%, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен баспа ісі – 10,3%, өнеркәсіптік металл өндірісі – 10,3%, құрылыс материалдарының өндірісі – 7,6%.

Жалпықалалық көлемде 63,7% азық-түлік саласы, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен баспа ісі, машина жасау өнеркәсібіне тиіп отыр.

2004 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыскерлердің орташа саны – 48750 адам болды, орташа айлық жалақы 2003 жылмен салыстырғанда 19,9% көтеріліп, 36100 теңге құрады.

2004 жылы қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарына өндірісті дамыту үшін жаңа құрал-жабдық, технология алуға, жаңа өнім түрлерін өндіруге 15,0 млрд. теңге мөлшерінде инвестиция құйылды.

2004 жылы баспагерлік, металл, ағаш және металлопластика өнімдерін шығару, сусын, сүт тағамдарын өндіру жөнінде 44 жаңа өндіріс іске қосылды.

35 кәсіпорындарда жаңа желілер, технологиялар енгізілді және өнімдердің жаңа түрлері шығарыла бастады.

Осының барлығы 2004 жылы 2837 жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.

Кез-келген кәсіпорынның ішкі және халықаралық нарықта табысқа жетуін қамтамасыз етудегі басты әдістерінің бірі ИСО 9000 және т.б. сапа менеджменті жүйесін ендіру болып табылады. Бүгінгі таңда сапа менеджменті жүйесін 54 өнеркәсіп кәсіпорындары өз өндірісіне енгізіп отыр.

Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті Сіздердің назарларыңызға ұсынады.

ҚР «Жеке кәсіпкерлік» (әрі қарай - ЖК заңы) туралы жаңа заңның қабылдануына байланысты, сәйкесінше салықтық және админстративтік заңнамаларды қосқанда 9 кодекстер мен 50 заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы Заң қабылданды. Көрсетілген заңда ҚР-ның «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер» туралы (әрі қарай СК) және «Админстративтік құқық бұзушылық» туралы (әрі қарай КАҚБ) кодексіне өзгертулер енгізілді. СК өзгертулер мен толықтырулар 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске асырылады.

Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгертулер шағын және жалпы кәсіпкерлік үшін маңыздылығын түсіндіреміз.

ҚР заңнамалық актілерге енгізілген өзгертулер, бюджетке төленетін жаңа салық пен басқа да міндетті төлемдер енгізуге байланысты және салық базасы мен салық мөлшерлемесіндегі өзгертулер, бұған дейін 1 желтоқсаннан кешіктірмей қабылдау нормасы, енді 1 қарашадан кешіктірмей қабылдануы мүмкін. Бұл өзгеріс Сізге салық заңнамасындағы өзгерістерге тез енуге мүмкіндік береді.

1 айға ұзартылған қосымша уақыт салық заңнамаларындағы өзгертулерге байланысты өндірісте қажетті шешім қабылдауда бизнестегі түзетулерді енгізу үшін біздің ойымызша маңызды болып табылады.

Келесі өзгерту СК «Шегерімдер» 92 бабына толықтырулар болып табылады, шегерімдерге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірігу кезінде бір жұмысшыға қаржы жылына сәйкес республикалық бюджет заңында белгіленген тәртіппен 1 АЕК мөлшерінде салық төлеушілердің төлеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүшелік жарналары жатады.

Бұл бастамалар жеке кәсіпкерлік субьектілерінің қызығушылығын арыттыратын, олардың нормативтік құқықтық актілер жобасына талдау жүргізге қатысуын және жеке кәсіпкерлердің бірігуін қалыптастыруда ЖК Заңының 5 бөлімін жүзеге асыру нормасын ынталандыруға бағытталынған.

Төлем көзінен жеке табыс салығы; қосылған құн салығы; әлеуметтік салық және арнайы салық режимін пайдаланғаны үшін оңтайландырылған салық декларациясына аударылған салықтар бойынша бюджеттік есеп айырылысу мен (және) төлемдер міндеттемесін салық органдарына тапсыру мерзімін 5 күнге ұзартудағы өзгертулер салық төлеушілер мен салық органдарының өмірін біршама жеңілдетті.

Ұзартылған уақыт Сізге нақты қаражаттарды қосымша уақытқа пайдалануыңызға мүмкіндік береді, сондай-ақ салықтық есеп айырылысулармен төлемдерді жүзеге асыруға біршама уақыт беріледі.

Біздің ойымызша нақты өзгертулер болып СК 534 бабындағы «Ағымдағы салықтық тексеріс жүргізу» бойынша кіші бизнес субъектілеріне жүргізілетін тематикалық тексеріс жарты жылда бір рет жүргізу нормасы бір жылда бір рет жүргізілуге өзгертілуі табылады.

Негізінен шағын кәсіпкерлер үшін «ҚР админстративтік құқық бұзушылық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы 2006 жылдың 20 қаңтарындағы ҚР Заңымен АҚБК-не енгізілген салықтық және басқа да заңнамаларды бұзғаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылатын айыппұл төлемдеріне жеңілдіктер енгізудегі өзгертулер оңтайлы болып табылады.

Нақты жеке кәсіпкерлік санатына: шағын, орта кәсіпкерлік және ірі бизнес субъектілеріне админстративтік құқық бұзушылықты жібергені үшін заңды тұлғаларды бөліп көрсететін осы немесе басқада ұйымдарға салынатын админстративтік айыппұл мөлшерін анықтауда дифференциялдық шешім қабылдау енгізілуде.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің түсінікті болу үшін осындай жеңілдетілген айыппұл шараларына бірнеше мысал келтіреміз.

АҚБК-не енгізілген адимнстративтік құқық бұзушылықтың жаңа құрылымы,соңғы уақытта тәжірбиеде заң бұзушылықтың өсуіне байланысты екенін айта кеткен жөн.

Мысалы ретінде, біліктілік аттестатының сондай-ақ тиісті тіркеу немесе лицензия және арнайы рұқсатының болмауына айналысатын кәсіпкерлікпен немесе басқада қызметпен айналысқаны үшін заң бұзушылық объектісі болып табылатын тауарларды алып қоюмен қоса, ШКС 30-дан-40-қа дейінгі АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, не болмаса лицензиясыз кәсіпкерлікпен немесе басқада қызметпен айналысқаны үшін, осы заң бұзушылық негізінде табыстарды (дивидентерді), ақшаларды, бағалы қағаздарды қосымша алып қою жүргізіледі.

Енді лицензия алу нормасы мен тәртібін бұзғаны үшін ШКС 50-ден-100-ге дейінгі АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Жоғарыда айытылған айыппұл шараларының мөлшері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ғана емес, сондай-ақ орта кәсіпкерлік субъектілерінеде қолданылады. Сондықтан да оларды қолдану шеңбері анағұрлым кең.

АҚБК-не жоғарыда айытылған айыппұл шараларына енгізілген өзгертулер тек жеңілдетілмеген, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізетін бақылаушы органдар лауазымдар мен админстративтік жауапкершілікке тартатын өкілетті органдар тарапынан туындайтын өз қызметін асыра пайдалану мен жемқорлықты төмендететіні сөзсіз.

Бірақ жемқорлықтың пайда болуын анағұрлым тиімді төмендету үшін АҚБК жоғарғы және төменгі кемшіліктерді пайдаланбастан нақты мөлшерде айыппұлды белгілеу қажет екенін айта кеткен жөн.

Бұл тұста бір ғана жасалынған қателіктерге немесе құқық бұзушылыққа төменгі айыппұлды белгілеуге болады. Осы бұзушылықты қайталағаны үшін-анағұрлым жоғары, ал одан кейін үш немесе одан көп мәрте қайталанса қатаң айыппұл белгілеу қажет.

Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып ҚР салықтық және админстративтік заңнамалардағы өзгерістер кәсіпкерлік қызметті заңнамалық реттеудегі жеңілдетулермен және үдемелі сипатты иеленеді,сондай-ақ,Сіздерді заң талаптарын міндетті сақтауға өз қызметтеріңізде мемлекеттік органдармен конструктивтік / сындарлы/ ынтымақтастықта құқық өрісінде мінсіз жұмыс істеуге шақырамыз.

Powered by Drupal - Design by artinet