Демократиялық мемлекеттiң iргетасы ретiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды енгiзу

Мемлекеттiк басқаруды қайта құрылымдау жөнiндегi мiндеттердiң күрделiлiгiн ескере отырып реформаны "пилоттық" жобаларды iске асыру арқылы, кезең-кезеңiмен жүргiзу қажет. Өзiн-өзi басқарудың жаңа принциптерiн жекелеген ауылдық округтерде, қалаларда, аудандарда, бiр жыл iшiнде алдын ала байқап көрген жөн жəне сонан соң ғана оларды заңнамалық актiлерде бекiткен жөн. Мұндай тактика сынақ кезеңi iшiнде жаңа жағдайдағы жұмыс тəжiрибесiн жинақтауға, заңнамалық нормаларды мұқият пысықтауға жəне бүкiл ел ауқымында iрi қателiктер мен кемшiлiктер жiбермеуге мүмкiндiк бередi. Реформалаудың оң жəне терiс нəтижелерiн зерделеу мен талдау оны келесi деңгейлерде одан əрi тарату үшiн бағдар болады. Орталықсыздандырудың бiрiншi кезеңiнде ауыл мен шағын қалалардағы, яғни қазiргi кезде билiктiң белгiлi бiр жетiмсiздiгi орын алып, мұның өзi үлкен келеңсiздiктерге əкелiп отырған жерлерде проблемаларды шешу айрықша маңызды болып табылады.
Ауылдық округтер, қала тұрпаттас поселкелер жəне аудандық маңызы бар қалалар деңгейiнде əкiмдер сайлау жүргiзiлетiн болады. Екiншi кезеңде төмен деңгейдегi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк деңгейiнде, яғни ауылдық округтер, қала тұрпаттас поселкелер мен аудандық маңызы бар қалалар деңгейiнде басқарудың толыққанды органдарын құру мүмкiндiктерiн қарастыру керек.
Орталықсыздандырудың бұл кезеңiнде аудандық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк басқару реформасы талап етiледi. Халыққа есептiлiгi мен бақылаулылығын күшейту мақсатында тиiстi өкiлдi органдармен - аудандық (қалалық) мəслихаттармен келiсе отырып белгiлi бiр мерзiмге аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) əкiмдерiн қызметке тағайындау жəне орнынан алу тəртiбiн енгiзу қажет. Аудан (облыстық маңызы бар қала) əкiмiн аудандық (қалалық) мəслихат депутаттарының қатарынан облыстық əкiмнiң тағайындау нұсқасы да болуы мүмкiн.
Yшiншi кезеңде облыстық маңызы бар аудандар мен қалалар деңгейiнде орталықсыздандыру
принциптерiн енгiзу қажет.

Powered by Drupal - Design by artinet